Наш адрес:

Казахстан, Костанайская область, Сарыкольский район
п. Сарыколь, ул.им. Айтбай батыра, здание 33

Телефон:

Наш адрес:

Казахстан, Костанайская область, Сарыкольский район
п. Сарыколь, ул.им. Айтбай батыра, здание 33
каз
рус

Телефон:

Басты  /  Маңызды  /  Мемлекет-Балаларға  / 

Мемлекет-Балаларға

Қалпына келтіре емдеу және оңалту орталығы

Самұрық-Қазына» АҚ мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев Қоры арасында қол қойылған меморандум аясында өткен жылы Астана қаласы әкімдігінің «№1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК базасында орналасқан 2020 жылдың желтоқсан айында Қалпына келтіре емдеу және оңалту орталығы құрылды және ашылды.
Бұл Орталық Қазақстан үшін инновациялық орталық болып табылады. Онда нейро-ортопедиялық аурулары бар, оның ішінде церебралды сал ауруы бар балаларды оңалтудың әлемдік үздік әдістемелері мен заманауи тәсілдері енгізілген. 
Естеріңізге сала кетейік, «церебралды сал ауруы» термині ұрықтың құрсақішілік өмір кезеңінде, босану кезінде және/немесе нәресте өмірінің алғашқы айларында мидың дұрыс дамымауы және/немесе оның зақымдануы нәтижесінде пайда болатын қозғалыс бұзылыстарының синдромдарын біріктіреді. Ол, ең алдымен, бұлшықет тонусының әртүрлі бұзылыстарымен, тік позаны дұрыс сақтай алмауымен және мақсатты қозғалыстармен сипатталады. Зақымдайтын факторлар дамып келе жатқан миға әсер ететіндіктен, церебралды сал ауруының белгілері әдетте бала өмірінің алғашқы жылында оның ерте моторикасының бұзылуы түрінде байқалады және өмірінің барлық жылдарында белгілі бір дәрежеде сақталады.
Қозғалыс бұзылуларынан басқа, церебралды сал ауруымен сөйлеу және психикалық дамудың патологиясы да байқалуы мүмкін. Алайда, церебралды сал ауруымен ауыратын көптеген балалар қалыпты интеллектуалды және сөйлеу қабілетіне ие екенін атап өткен жөн.
Қалпына келтіре емдеу және оңалту орталығында мамандар әр балаға аурудың ерекшеліктерін ескере отырып, қалпына келтіру емінің жеке бағдарламасын жасайды. Оңалту үшін қозғалыс дағдыларын дамытудың заманауи технологиялары қолданылады, оңалтудың арнайы техникалық құралдары, тренажерлер, аппараттар мен аппараттық-бағдарламалық кешендер қолданылады.
Қалпына келтіре емдеу және оңалту орталығы ЦС және тірек-қимыл аппараты аурулары кезінде омыртқа мен буындардың жүру және қозғалу дағдыларын қалпына келтіруге арналған бірегей медициналық жабдық-костюмдер, тренажерлер мен жетекші отандық және әлемдік өндірушілердің құрылғылары орнатылды. Сонымен қатар ЕДШ, физиотерапия, жарықпен емдеу, су массажы, логопед және дефектолог мамандардың күнделікті жеке сабақтары қарастырылған.