Некеге мәжбүрлеу, сталкинг және әйелдерге қатысты өзге де зорлық-зомбылық түрлеріне байланысты құқықтық сауаттылықты арттыру және нөлдік төзімділікті қалыптастыру жөніндегі АҚПАРАТТЫҚ НАУҚАН
Некеге мәжбүрлеу, сталкинг және әйелдерге қатысты өзге де зорлық-зомбылық түрлеріне қатысты құқықтық сауаттылықты арттыру және нөлдік төзімділікті қалыптастыру жөніндегі ақпараттық науқан ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Некеге мәжбүрлеу, сталкинг және әйелдерге қатысты өзге де зорлық-зомбылық түрлеріне қатысты құқықтық сауаттылықты арттыру және нөлдік төзімділікті қалыптастыру жөніндегі ақпараттық науқан
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Құқықтық сауаттылықты арттыру және әйелдерге қатысты некеге мәжбүрлеуге, сталкингке және өзге де зорлық-зомбылық түрлеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыру жөніндегі ақпараттық науқан
1. Негіздеме және контекст
Ақпараттық науқан Қазақстан Республикасы Президентінің Ұлттық құрылтайдың V отырысында берген тапсырмалары аясында іске асырылады және қылмыстық заңнаманың жаңа нормаларын түсіндіруге, сондай-ақ некеге мәжбүрлеу, сталкинг және әйелдерге қатысты өзге де зорлық-зомбылық түрлеріне нөлдік төзімділікке негізделген тұрақты қоғамдық ұстанымды қалыптастыруға бағытталған.
2024 жылғы 16 шілдеден бастап Қазақстан Республикасында қасақана жеңіл дене жарақатын келтіру (ҚР ҚК 108-1-бабы) және ұрып-соғу (ҚР ҚК 109-1-бабы) үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді.
2025 жылдың қорытындысы бойынша (криминализация енгізілген сәттен бастап) барлығы 27 429 қылмыстық іс тіркелген, оның ішінде 10 818 іс отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласына тиесілі (оның ішінде ерлі-зайыптылар арасында-8 024, туыстар арасында-2 794).
2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап Қылмыстық кодекске 115-1-бап (сталкинг) және 125-1-бап (некеге тұруға мәжбүрлеу) енгізілді. 2026 жылғы қаңтардың соңындағы жағдай бойынша 125-1-бап бойынша 30 іс, ал 115-1-бап бойынша 27 іс тіркелген. Алайда бұл деректер мәселенің тек бір бөлігін ғана көрсетеді, себебі әйелдерді алып қашу («қыз алып қашу») тәжірибесі көбінесе жасырын қалып, ресми статистикада көрініс таппайды.
Мәселенің нақты ауқымы әлдеқайда кең. Социологиялық сауалнамалардың деректері жәбірленушілердің құқықтық қорғауға жүгінуіне үнсіз қалу, отбасы тарапынан қысым көрсету және қоғамның айыптауынан қорқу кедергі келтіретінін көрсетеді. ҚҚДИ жүргізген зерттеу нәтижелері бойынша:
- халықтың 67,6%-ы қалыңдықты оның келісімінсіз алып қашуға теріс көзқарас білдіреді;
- 20,5%-ы бейтарап ұстанымда, бұл жасырын төзімділіктің бар екенін көрсетеді;
- дәстүрлі нормалар басым өңірлерде қолдау деңгейі жоғары;
- әйелдер мен жоғары білімі бар адамдар арасында бұл құбылысқа мүлдем қарсы көзқарас жиірек кездеседі.
Алып қашу фактілері туралы хабарлауға дайындық деңгейі де өңірлер бойынша әртүрлі. Ең жоғары көрсеткіш Ақмола облысында, ШҚО-да, Абай және Атырау облыстарында байқалады (72%-дан жоғары). Ең төмен көрсеткіш Маңғыстау облысында тіркелген (24%), мұнда респонденттердің 27,9%-ы алып кеткен адаммен некеге тұруды жол берілетін құбылыс деп санайды.
Осылайша, заңнамалық өзгерістерге қарамастан, зорлық-зомбылықтың кейбір нысандарына, әсіресе «дәстүр» ретінде бүркемеленетін түрлеріне қатысты қоғамдық және мәдени төзімділік сақталуда. Құқықтық шаралардың тиімділігі құқықтық сананы арттыруға, стереотиптерді жоюға және зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділікті нығайтуға бағытталған жүйелі ақпараттық жұмысты талап етеді.
2. Мақсаты
Ақпараттық науқанның негізгі мақсаты – азаматтарды некеге тұруға мәжбүрлеу және сталкинг үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейтін заңнаманың жаңа нормалары, сондай-ақ жәбірленушілерді қорғау мен оларға көмек көрсетудің қолжетімді тетіктері туралы хабардар ету деңгейін арттыру. Сонымен қатар науқан қоғамдық санада зорлық-зомбылықтың кез келген түріне нөлдік төзімділік қағидатын орнықтыруға бағытталған.
3. Науқанның міндеттері
- Құндылықтар мен мәдениет туралы жүйелі түсіндіру жұмысын жүргізу. Барлық деңгейде қыздар мен әйелдерге құрмет көрсету, мәжбүрлеуге, алып қашуға және зорлық-зомбылықтың өзге де түрлеріне жол берілмейтіні айқын көрсетілуі тиіс. Мұндай әрекеттердің норма емес, заңды және қазақ халқының шынайы мәдени құндылықтарын бұзатын құқыққа қайшы іс-әрекет екені түсіндіріледі.
- Некеге мәжбүрлеу үшін қылмыстық жауаптылықты түсіндіру. Алып қашу немесе некеге тұруға мәжбүрлеу қылмыстық құқық бұзушылық болып саналатыны (ауырлататын мән-жайлар болған жағдайда 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру) жеткізіледі, мұндай әрекеттердің белгілері мен құқықтық салдары жан-жақты түсіндіріледі.
- Сталкингтің мәнін және оның жазаланатынын түсіндіру. Сталкинг – жәбірленушінің еркінен тыс қудалау, оның ішінде онлайн форматтағы қудалау екені және бұл Қылмыстық кодекстің 115-1-бабына сәйкес дербес қылмыс болып табылатыны түсіндіріледі. Типтік мысалдар келтіріліп, қудалауды қалай тіркеу керектігі және қандай жаза түрлері көзделгені (айыппұл, қоғамдық жұмыстар, 50 тәулікке дейін қамауға алу) көрсетіледі.
- Жәбірленушілер үшін нақты әрекет ету алгоритмін ұсыну. Дәлелдемелерді жинау (скриншоттар, жазбалар, куәгерлер), қайда жүгіну қажет екені (102, 111, 150), жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құпиялылықты сақтау жөнінде көрнекі нұсқаулық әзірленеді. Аталған алгоритм науқанның барлық арналары арқылы таратылады.
- Қоғамның негізгі топтарын тарту. Мектеп оқушылары, студенттер, жастар, ата-аналар, еңбек ұжымдары, үкіметтік емес ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдары белсенді түрде қамтылады. Серіктестік, интерактивті форматтар және пікір көшбасшыларының қатысуы арқылы мақсатты аудиториялар науқан құндылықтарын талқылауға және ілгерілетуге тартылады.
- 14-35 жас аралығындағы жастар (жоғары сынып оқушылары, студенттер, жас мамандар);
- Еңбек ұжымдары (мемлекеттік сектор, квазимемлекеттік сектор, жеке бизнес);
- Ата-аналар қауымдастығы және отбасылар, оның ішінде жасөспірімдердің ата-аналары;
- Пікір көшбасшылары: блогерлер, журналистер, педагогтер, психологтар, қоғам қайраткерлері;
- Ықтимал жәбірленушілер және олардың жақын ортасы (достары, туыстары – «алғашқы көмек көрсетушілер» ретінде).
- Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі (науқанды үйлестіру);
- Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
- Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі;
- Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі;
- Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері;
- Үкіметтік емес ұйымдар, Отбасын қолдау орталықтары, Дағдарыс орталықтары;
- Білім беру ұйымдары;
- Жұмыс берушілер мен кәсіподақтар;
- Республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары;
- Digital-платформалар мен әлеуметтік желілер;
- Қоғамдық пікір көшбасшылары мен сарапшылар.
1) Ұйымдастырушылық іс-шаралар мектептерде, колледждерде, жоғары оқу орындарында және еңбек ұжымдарында өткізілетін ағартушылық және оқыту бағытындағы іс-шараларды қамтиды. Білім беру ұйымдарында сынып сағаттарын, талқылаумен өтетін кино-сабақтарды, ашық дәрістерді, сондай-ақ заңгерлердің, полиция қызметкерлерінің және психологтардың қатысуымен диалог алаңдарын өткізу жоспарлануда.
Жастарды тарту мақсатында өзін-өзі қорғау дағдыларын дамытуға және зорлық-зомбылық белгілерін тануға бағытталған көшпелі тренингтер ұйымдастырылады. Еңбек ұжымдарында және ата-аналар жиналыстарында сталкинг пен некеге мәжбүрлеудің құқықтық салдары туралы дәрістер өтеді.
2) Ақпараттық іс-шаралар теледидарлық және цифрлық коммуникацияны қамтиды, оның ішінде бейнероликтер, сюжеттер, сұхбаттар және подкасттар әзірлеу қарастырылады. Теледидар арқылы қысқа әлеуметтік роликтер, сараптамалық пікірлер және тақырыптық бағдарламалар көрсетіледі.
Ерекше назар құқықтық, мәдени және психологиялық аспектілерді ашып көрсететін сарапшылардың, қоғам қайраткерлерінің, педагогтердің және ата-аналардың қатысуымен подкасттар сериясын әзірлеуге бөлінеді.
Сондай-ақ науқан аясында блогерлер мен инфлюенсерлер белсенді түрде тартылып, олар TikTok, Instagram және YouTube платформаларында вирустық бейнероликтер, челлендждер және сторителлинг форматындағы контент әзірлейді.
7. Күтілетін нәтижелер
- Халықтың құқықтық хабардарлығының артуы. Науқанның негізгі хабарламаларымен қамтылған азаматтар санының едәуір өсуі. Некеге мәжбүрлеу мен сталкинг үшін қылмыстық жауаптылық нормалары туралы білетін, сондай-ақ көмек алу үшін қайда жүгіну керектігін түсінетін азаматтар үлесінің артуы.
- Зорлық-зомбылыққа әлеуметтік төзімділіктің төмендеуі.
Некеге мәжбүрлеу, алып қашу және сталкингтің қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатын құқыққа қайшы әрекеттер екені жөніндегі қоғамдық түсініктің нығаюы. Отбасында, еңбек ұжымдарында және білім беру ортасында зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік ахуалын қалыптастыру. - Серіктестік тетіктердің дамуы. Зорлық-зомбылықтың алдын алу саласында мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, медиа, жұмыс берушілер және жастар қауымдастықтары арасында тұрақты өзара іс-қимыл орнату. Осы бағытта жүйелі ақпараттық жұмысты жүргізу тәжірибесін қалыптастыру.
Важная информация
Интернет-ресурсы








